Қазақстанда осы уақытта 27 028 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 028 адам короновирус инфекциясынан (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 268 адамның жағдайы ауыр;

• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.