Министрлік таратқан ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 39 сәби бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр, 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 102 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.