Қазақстанда отандық тауар ғана сататын алғашқы сауда орталығы ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күніне орай елордада тек отандық тауар сататын Қазақстанның алғашқы сауда орталығы ашылады.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан ҚР сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Таукеннің айтуынша, сауда орталығындағы тауарлардың бәрі «Қазақстанда жасалған» және «Халық маркасы» сапа белгісінің иелері шығарған тауарлар. 

Сауда орталығының аумағы бастапқыда 5 000 шаршы метрді құрамақ. Еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларының тауар өндірушілері сауда орталығында өз бутиктерін ашуға дайындалып жатыр. Астанада ашылатын алғашқы қазақстандық сауда орталығында бас-аяғы 300 фирма мен компанияның тауарлары сатылады. Қ.Таукеннің хабарлауынша,  сауда орталығы ашылған соң, бір жыл бойы отандық тауар өндірушілер үшін сауда орталығындағы орындары тегін болады. Бірақ, бұл үшін тауар өндірушілер «Халық маркасы» белгісін иеленуі керек екен. «Алдымен, тауар өндірушілер «Халық маркасы» белгісін иеленуі керек, ол шамамен 300 мың теңге тұрады. Бірақ, осы тауар өндірушілер сауда орталығынан тегін орын алып, тегін жарнама бере алады. Оның үстіне, олардың тауарын өздері емес, «Халық маркасы»  сатуды мойнына алады.