Қазақстанда өте жылы наурыз айы тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айы Қазақстанда соңғы онжылдықтағы ең жылы айлардың бірі болды.
— Елдегі орташа температура климаттық нормадан орта есеппен 1-5°С жоғары болды. Наурыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің бірқатар аймағында осыдан бір-екі жыл бұрын, атап айтқанда Қазақстанның бүкіл метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жылы болып саналатын 2023 жылы орнатылған температура рекорды жаңарды, — деп атап өтті синоптиктер.
2025 жылдың наурыз айында Қазақстанның көптеген метеостанциясында климаттық нормадан айтарлықтай асқан рекордтық жоғары температура тіркелді.
* Орал: 16 наурызда ауа температурасы +19,2°С жетті, норма +12,1°С.
* Ақтөбе: 17 наурызда — +13,4°C (қалыпты температура — +9,3°C).
* Петропавл: 18 наурызда — +10,9°C, 2023 жылғы рекордты жаңартты (+4,0°C), ал 19 наурызда +12,6°C болды (2015 жылғы бұрынғы максимум — +4,2°C).
* Көкшетау: 18–19 наурызда — +11,9°C, 2013 (+7,4°C) және 1970 жылғы (+6,1°C) рекордтан асып түсті.
* Қостанай: 18 наурызда — +9,1°C (2023 жылғы рекорд — +5,1°C), 19 наурызда — +14,0°C (2020 жылы +6,2°C болған).
* Павлодар: 18 наурызда — +8,8°C (бұрынғы максимум 2007 жылы +6,6°C болып тіркелген), 20 наурызда — +14,4°C (2016 жылы –+10,2°C).
* Қарағанды: 19 наурызда — +10,1°C (2013 жылы +8,2°С).
* Астана: 20 наурызда — +9,1°C (2016 жылғы рекорд +7,1°C болды).
Елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында да рекорд жаңарды:
* Алматы: 18 наурызда — +19,5°C (2001 жылы +19,2°С болған), 21 наурызда — +24,8°C (2018 жылы — +23,1°С).
* Семей: 21 наурыз күні +14,6°C жылы болды, 1944 жылғы максимумнан (+10,8°C) асып түсті.
* Өскемен: ауаның температурасы +15,9°C-қа жетті (2010 ж. — +10,3°C).
Наурызда ауа райының қолайсыз жағдайы да тіркелді:
* 5 наурызда Алматы облысындағы АМС Малыбай-да желдің екпіні 34 м/с-ке дейін жетуі тіркелді.
* 7 наурызда Таразда жел екпіні 31–33 м/с болды.
* 10 наурызда Ерейментауда — жолдың көрінуі 200-500 м жаяу бұрқасын болып, 15 сағатқа созылды.
* 14–15 наурызда Ақтөбе, Қостанай облыстарында — қалың тұман, жолдың көрінуі 50 м-ге дейін болған.
Астанада орташа айлық температура -2,5°С болды, бұл нормадан (-6,0°С) 3,5°С жоғары. 2 наурызда түнде -18,9°С дейін аяз сақталды, бірақ айдың соңына қарай жылыну байқала бастады — 30 наурызда температура +12,0°С-қа дейін көтеріліп, көктем лебі сезілді.
Жауын-шашынның айлық мөлшері 30 мм болды, айлық норма — 20 мм, бұл нормадан 1,5 есе көп, деп хабарлайды синоптиктер.
Осыған дейін Қызылордада сәуір айының ауа райы болжамы жарияланды.