«Қазақстанның тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өткелі тұр. Ол 4-12 наурыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон кешенінде өтпек. Қазіргі таңда бұл жарысқа әлемнің 41 мемлекетінен 500-ге жуық спортшы келуге ниет білдіріп отыр. Қазақстан атынан қатысатын жеткіншектерді 26 ақпанда өтетін ҚР кубогінде жасақтаймыз. Онда спорттың бес түрі бойынша 18 жарыс жоспарланған», - деді Самат Ерғалиев.
Еске сала кетейік, биыл көктемде Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді.