Қазақстанда өткен тәулікте 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы өткен тәулікте коронавирус пневмониясын 18 адамның жұқтырғаны мәлім болды. Ал 76 адам керісінше аталмыш дерттен айығып шыққан.

Тамыз айынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен ауырғындар саны 43124 құраса, 456 адам осы аурудан қайтыс болған. Ал жазылып шыққандар саны қазір 31032-ға жетті.