Қазақстанда өткен тәулікте 26 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды
08:51, 21 Тамыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 354 адамнан анықталып, 26 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ аталмыш дерттен 136 адам жазылып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 67495 адамды құрап, 4200 адам осы дерттен қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 57591-ді құрап отыр.