Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 12 науқас тіркелді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 12 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоаралық комиссияның күн сайынғы мәліметінше, олардың дерттері ПТР арқылы расталып, ауырғандары белгілі болған.

«Аймақтар бойынша сараптайтын болсақ, науқастардың 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 8-і Алматы қаласының тұрғыны. 1-еуі Алматы облысының, тағы 1-еуі Қарағанды облысының азаматы. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 327», - делінген комиссияның хабарламасында.