АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2014 жылғы 31 желтоқсанда 820 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.
«Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 224 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 87, Алматы қаласында - 82, Жамбыл облысында - 71, Шығыс Қазақстан облысында - 67 бала дүниеге келді», - делінген ведомство мәліметінде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.