Оның атап өтуінше, ОСК төрағасы 18 шетелдің Орталық сайлау комиссияларының бірінші басшыларына шақыру жіберген. Ал еліміздің Сырты істер министрі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар осы ұйымдардың аясында 112 мемлекетке шақыру жөнелтті.
Осы ретте Т.Охлопкова 2012 жылдың 15 қаңтарында өткен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Орталық сайлау комиссиясы мен Сыртқы істер министрлігі 975 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдерін тіркегендігін еске салды. Сайлау күнінде сайлау учаскелерінде 43735 қазақстандық және халықаралық байқаушылар, сенімді тұлғалар мен БАҚ өкілдері байқау жүргізген.
Мұнан бөлек, ол 2015 жылдың сәуірінде өткен Президент сайлауына 1024 халықаралық байқаушы мен БАҚ өкілі аккредиттелгенін, ал сайлау учаскелерде байқау жүргізуге өкілеттігі бар 31 мыңнан астам адам қатысқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, парламенттік сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу наурыздың 14-інде аяқталады.