Н. Қаппаровтың айтуынша, айыппұл мөлшерін төмендету және оған қатысты санкцияларды енгізу мәселесін министрлік қана емес, Мәжіліс депутаттары да көтерген.
«Біз былтырғы жыл бойынша шығарындыларын белгіленген көлемнен асырғаны үшін кәсіпорындарға айыппұл төлетуді орынсыз санаймыз. Өйткені, олар жаңа жүйеге енуге дайын болмай қалады. Жалпы, еліміздегі өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда он бес пайызға өсті, сонымен қатар, шығарындылардың көлемі де өскені белгілі. Осыған орай, санкцияларды енгізу арқылы өндірістік сектордан елеулі қаржы шығаруға мүмкін болар еді. Алайда, соған қатысты өндірістер тоқтап, жұмыс орындардың қысқаруы әлеуметтік жағдайды ауырлатар еді. Міне, айыппұл мөлшерін он айлық есептік көрсеткіштен бес айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету осындай себептерге байланысты туындап отыр», - деді Қоршаған орта және су ресурстары министрі.
Оның пайымынша, бес айлық есептік көрсеткіш шамамен 37 еуроны құрайды. Артық шығарылған парниктік газдардың әрбір тоннасы үшін төленетін айыппұлдың осындай мөлшерін жеткілікті. «Алдын ала болжамдар бойынша квоталардың нарықтағы бағасы бес еуродан аспайды. Мәселен, 2010 жылы Еуроодақта 1 квотаның бағасы 27 еуроға дейін ғана көтерілген. Бүгінгі күні Еуропадағы айыппұл мөлшері 100 еуро. Алайда, Қазақстан мен Еуроодақ елдерінің технологиялық алшақтығын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан да, бүгін айыппұл мөлшерін еуропалық деңгейге көтеру экономикалық тұрғыдан орынсыз», - деді министр Н. Қаппаров.
Айта кетейік, парниктік газдар шығарындыларына квотаны арттырғаны үшін айыппұл мөлшерін төмендету қарастырылып отырғаны белгілі. Ал мұндай нормаларды қабылданса, өнеркәсіп кәсіпорындарынан 2013 жылы есепке жазылған энергетика саласындағы 208 млрд. теңге, мұнай және газ секторында 30 млрд. теңге өндіріп алынбайтын болады.