Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша патентпен жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге арнайы салық режимін жасау көзделген. Мәселен мұндай кәсіпкерлерге салынатын салық 2%-дан 1%-ға азайды.
Сонымен қатар, жаңа заңнама бойынша талап қою мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда салықтық қудалауды тоқтату ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, 30 адамға жұмыс беріп отырған немесе жартыжылдық айналымы 2044 АЕК аспайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық режим жасау ұсынылды.