«Алдағы уақытта пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің салығын 10-15 есеге көтеру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде бірыңғай» жер салығы қолданыста. Мәселен, аудандағы бір гектар жер 15 мың теңге болса, келесісінде ол 30 мың теңгені құрауы мүмкін. Бұл ретте салық бір гектар жер құнының 0,1 пайызын құрайды», деді ол ҚР АШМ Іскерлік кеңесінің агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салық салу мәселесіне арналған жиыны барысында.
Ал ҚР АШМ жауапты хатшысы Арман Евнеевтің сөзіне қарағанда, қолданыстағы заңнама аясында салық салмағын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен шаруа қожалықтарын қоршаған орта эмиссиясын төлеуден босату көзделуде.
«Сонымен қатар қосымша жеңілдіктері бар жалпы бекітілген режім енгізу қарастырылуда. Атап айтқанда, жалданған жұмысшылар бойынша еңбекақы төлемі қоры сомасына салық салу кірісін екі есе азайту, әлеуметтік салықты 11 пайыздан 6,5 пайызға төмендету, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын көліктер мен мүліктерді салықтан босату және қоршаған орта эмиссиясын төлеуден босату қарастырылады», деді А.Евнеев.