АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен халықтың салауаттылығын қадағалау саласындағы федеральдық қызметтің (Ресейтұтынушылыққадағалау) хатының негізінде құрамында метомил пестициді 0,5 мг/кг дейін (норма 0,05 мг/кг кезінде) рұқсат етілген деңгейден артқан Перуде өндірілген жүзімді әкелуге және өткізуге шектеу енгізді, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Аталған өнім Ресей Федерациясына, Молдова Республикасына, Румынияға, Ұлыбританияға, Бельгияға және Германияға жеткізілген.
Жоғарыда аталған өнімнің республика аумағына әкелінуі мен өткізілуінің үлкен ықтималдығын есепке ала отырып, Агенттік өңірлердегі аумақтық бөлімшелеріне жеміс-жидек өнімдерінің әлеуетті өнім берушілерін хабардар етуге, сондай-ақ халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.