ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше , коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 290 457 адам салдырды.
2022 жылғы 9 маусымда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 202 344 адам, ІІ дозасын 1 078 823 адам салдырды.
Оның ішінде І компонентін 860 886 жасөспірім, 40 730 жүкті әйел, 143 806 бала емізетін әйел салдырды.
ІІ компонентін 817 178 жасөспірім, 36 581 жүкті әйел, 132 693 бала емізетін әйел салдырды.