З. Сверчиньскийдің атап көрсетуінше, қазіргі таңда клубты құру жөніндегі бастамашы топ жасақталуда. «Қазақстандық кәсіпкерлермен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға және нығайтуға қолдау болатын осындау клубты құруға поляк бизнесмендерінің мүдделі екенін айтуға болады», - деп атап көрсетті поляк дипломаты өз сөзінде. Оның айтуынша, Польшаның бұл істе тәжірибесі бар: Ресей бизнесінің кеңесі, Украина бизнесінің кеңесі құрылған, енді міне, осындай кеңесті немесе клубты Қазақстанда құрудың қажеттілігі туындап отыр.
13:27, 07 Желтоқсан 2009
Қазақстанда поляк-қазақстандық бизнес клубы құрылады - З.Сверчиньский
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстанда поляк-қазақстандық бизнес клубы құрылады. Польшаның Қазақстандағы Елшілігінің сауда-саттықты және инвестицияларды қолдау жөніндегі бөлім басшысы Збигнев Сверчиньский бұл туралы сенбі күні Алматыда өткен кездесудің барысында мәлім етті.