Қазақстанда президент сайлауына виртуалдық көмекші іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық бағдарламашылар алдағы президент сайлауы қарсаңында ақпараттық-анықтамалық жобаны әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жоба Telegram-да чат-боттың жұмысын қамтиды. Ол электоралдық, дауыс беру тақырыбы бойынша келіп түсетін сұрақтарға жауаптарды ұсынуға бағдарланған. Арнайы жастар аудиториясы үшін «Сайлаумэн» атты интернет-кейіпкердің бейнесі дайындалды.

«Сайлаумэн» чат-бот виртуалды көмекші желі пайдаланушыларына сайлауды өткізу барысы туралы ақпаратты, өзіңнің сайлау учаскеңді анықтау туралы мәліметті, сайлаушылар мен байқаушыларға арналған нұсқауды, сондай-ақ алдағы сайлау бойынша өзге де ақпаратты қамтиды.

«Сайлаумэн» қазақ және орыс тілдерінде ақпарат бере алады. Telegram-дағы чатқа қосымша Instagram әлеуметтік желісі тұғырнамасы үшін «Сайлаумэн» нұсқасы жасақталды.

Виртуалды көмекші жастардың сайлауға қатысуын ынталандыру үшін тиісті мәліметтермен бөліседі. Қазіргі уақытта «Сайлаумэн» желіге қосылған, оның в Instagram желісіне жазылғандар 15 мыңнан асты. Осы орайда ол тәуліктің кез келген уақытында сайлау туралы сауалдарға жауап беруге әзір.

Әлеуметтік желілерге сілтеме:Telegram

https://t.me/electionqazbot

Instagram

https://www.instagram.com/sailauman/