«Былтыр ерлер денсаулығы орталығына 50 мыңнан астам ер азамат келген. Олардың 44 пайызы простатитпен келген. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Қазақстанда еңбекке қабілетті ерлердің 45 пайызы простатитпен ауырады», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Профессордың айтуына қарағанда, простатит ерлердің эректильді дисфункциясына әсер етеді, тіпті бедеулікке де әкеледі. Егер ауруды дер уақытында тауып, емдейтін болса, дерттен толық айығуға болады.
М.Алшынбаевтың сөзі бойынша, Қазақстандағы Ерлер денсаулығы орталығында простатит тегін емделеді.
«Емге қыруар қаражат алатын жеке меншік клиникалар көп. Сіздер одан да Ерлер денсаулығы орталығына келіп, тегін ем-дом алыңыз. Қымбат орталықтарға өздері хабарласады, сосын соншалықты неге қымбат деген әңгімелер туып жатады. Сіздерді ешкім мәжбүрлемейді ғой. Айта кеткім келеді, бүгінде простатит 100 пайызға емделеді», - деді ол.
14:51, 01 Шілде 2016
Қазақстанда простатит 100 пайызға емделеді - М. Алшынбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ер азаматтардың 45 пайызы простатитке шалдыққан. Бұл туралы Б.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев мәлім етті.