Қазақстанда Qorgau жобасы басталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда азаматтар құқын қорғау үшін тегін әрі қолжетімді инфрақұрылымды құруға бағытталған Qorgau жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның мақсаты – өмірлік қиын жағдайда қалғантұрғындардың білім деңгейін көтеру.

1 тамыздан бастап барлық қала және ауданорталықтарында 210 заң кеңесі бөлімі ашылады. Қалаған адам осы бөлімдергебарып, бұқара құқын қорғаудың бүкіл маңызды бағыттары бойынша құқықтық көмекалуына болады.

Осы жоба аясында заң факультеттерістуденттерін тағылымдамадан өткізу, «әлеуметтік» заңгерлер қоғамдастығын құру,«Айт!» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізу, т.б. көзделіп отыр.

«Жоба аясында барлық саладағы құқық қорғауұйымдарымен меморандум жасалады. Кейде айрықша жағдайлар болып жатады, айталықбіреу банкпен соттасуы мүмкін. Бұлар банк ісі саласындағы заңды тұлға мен жекетұлға арасындағы нәзік мәселелер. Мұндайда осы саланың мамандары шақырылады», -дейді жобаның Алматы қаласы бойынша үйлестірушісі Алтынай Көбеева.

Оның айтуынша, бүгіннің өзекті мәселелеріретінде мемлекеттен әлеуметтік жеңілдіктер алу, ажырасу процесінің мәселелері,мүлік айырысу, алаяқтық, жұмысқа орналасу, тағы басқаларды айтуға болады.

Айта кетейік, осы жоба «Бірыңғай Call-орталыққұру арқылы «Құқық қорғаушы» кешенді жобасын іске асыру» гранты аясында іскеасырылуда. Оған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдау көрсетіп,ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолғабыс етіп отыр.



Автор:Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар