Атап айтқанда, министрлік «Сот-сараптамалық қызмет туралы» жаңа заң жобасын даярлады. Құжатта сот-сарапшылық қызметіндегі кейбір үйлеспеушіліктер түзетілген көрінеді. Жақын арада заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілмек.
Министрдің орынбасарының пайымынша, жақын арада Қазақстанда жинақы, мобильді әрі жоғары білікті сарапшылық қызметтің жұмысына жаңа мүмкіндік жасалады.
«Сонымен бірге біздің тарапымыздан бұл заңнамаға бірқатар түзетулер бастамасы жасалды. Онда Қазақстанда сарапшылық қызметтердің баламалы нарығын құру қарастырылған. Бұл қажеттілік алдымен бұл саланың белгілі бір деңгейде монополиясыздандыру керектігінен туындап отыр. Сондықтан заң жобасында республикалық сот сарапшылары палатасын құру, оларды аттестациялау мен лицензиялау талаптары, сондай-ақ бұл институттың жылдам және тиімді қалыптасуына мүмкіндік беретін басқа да мәселелер қамтыған бірқатар нормалар қарастырылды», - деді Б. Әбдірайым.