Оның айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда реставраторлар жетіспейді.
«Қазақстанда білікті реставраторлар мектебін ашатын кез келді. Олар қазір музейлердің барлығына керек-ақ. Археология, Табиғат, Геология, Сирек кітаптар және басқа да мұражайлар болсын, барлығы реставраторларға мұқтаж. Әрине, елімізде реставраторлар баршылық, бірақ олар көп жағдайда бұл өнерді өздігінен меңгерген археологтар болып келеді. Олардың өзі жетіспейді. Біз мысалы, кейде қандай да бір бұйымды қалпына келтіру үшін қаладағы керамика зауытының мамандарына жүгінуге мәжбүр боламыз. Сондықтан, Қазақстанға реставраторлар мектебі ауадай қажет болып тұр», - деді Р. Бектөреева.
Айта кетелік, Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адамды» қалпына келтірген атақты археолог-реставратор Владимир Садомсков мамандығы бойынша тарихшы болатын. Ол кезінде Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген еді.