Қазақстанда рейстерді кешіктірмей орындайтын авиакомпаниялардың тізімі жасалды
Үздік үштікте Өзбекстан, Мажарстан және Польшаның әуе желілері бар.
«2018 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанға тұрақты рейстер орындайтын шетелдік әуе компаниялары арасында «Wizz Air» әуекомпаниясы (Мажарстан) - 98% рейстерді уақтылы орындаған (барлығы 52 рейс орындалды), «LOT Polish Airlines» (Польша) - 97% (86 рейс), «Өзбекстан хаво йоллари» (Өзбекстан) - 94% (266 рейс), «Turkish Airlines» (Түркия) - 90% (297 рейс) тұрақты орындалған», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Аталған мерзім ішінде 100 рейстен артық орындаған шетелдік әуе компанияларының арасында жоғары нәтиже көрсеткендердің тізімі мынадай:
«Өзбекстан хаво йоллари» (Өзбекстан) - 94% (266 рейс); «Turkish Airlines» (Түркия) - 90% (297 рейс); «Сибирь» (Ресей) - 86% (205 рейс); «Air Arabia» (БАӘ) - 80% (165 рейс) және «Fly Dubai» (БАӘ) - 76% (307 рейс).
Қазақстандық әуе компаниялары арасында ұшу тұрақтылығы бойынша жезқазғандық әуе компаниясы топ жарды: «Жезқазған-эйр» - 100% (51 рейс); «Жетісу» - 100% (11 рейс); «Бек Эйр» - 97,8% (5 150 рейс); «Южное небо» - 94,3% (548 рейстер); «Эйр Астана» - 86,16% (21 657 рейс); «SCAT» әуе компаниясы - 79,9% (10 446 рейс) және «Qazaq Air» - 78% (2 544 рейс).