Құтқарушылар зымыран орналасқан үйден дереу 45 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның 15-і - балалар. Зымыранның бөлігі ҚР Қорғаныс министрлігінің №14805 әскери бөлімінің мамандарымен жойып жіберу үшін тәркіленді.
11:07, 09 Мамыр 2011
Қазақстанда РФ азаматы зымыран тауып алып, оны үйіне алып кеткеннен кейін ғана құтқарушыларға хабар берді
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қаласында Ресей Федерациясының азаматы жексенбі күні жергілікті дәмхана жанынан зымыранның қосалқы бөлшегін тауып алып, оны үйіне алып кеткеннен кейін ғана құтқарушыларға хабар берді.