Қазақстан автобизнес қауымдастығы мәліметінше, қалталы қазақстандықтардың сатып алатын қымбат көліктердің көшбасында Bentley тұр. Өткен жылы мұндай 140 көлік тіркелген. Бұл көліктің Continental GT, Flying Spur және Bentayga модельдері елімізде жүр. Екінші орындағы Mercedes-Benz Maybach S-Class автомобилінің өткен жылы 65-і тіркелсе, оның 24-і алғаш рет нөмір алған.
Сондай-ақ өткен жылы 29 Maserati, 24 Rolls-Royce және 11 Ferrari тіркеуге алынған. Айта кетерлігі, былтыр Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3 Lamborghini мен 2 Aston Martin қайта тіркеуден өткен.