Қазақстанда Rolls-Royce көлігі сатылымға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы ТМД ішінде Rolls-Royce автомобилін сатып алуға болатын төртінші қала болып отыр. Жақын күндері әлемдегі ең ерекше автомобильдердің бірі ресми түрде сатылымға шығады, деп жазады Auto.lafa.kz.

Rolls-Royce Motor Cars-тың бас директоры Торстен Мюллер-Отвостың айтуынша, Rolls-Royce Motor Cars Almaty - Орталық Азияда бұл брендтің табысқа жетуінің бір белгісі. Қазақстан бұл аймақтағы басты нарықтардың бірі болып табылады.

Rolls-Royce көліктері басқа да мемлекеттердегідей Қазақстан үшін арнайы тапсырыспен жасалады. Ең қарапайым үлгісі Ghost-тың бағасы 255 000 еуродан басталады. Қазірдің өзінде 3 қазақстандық бұл көлікке алдын ала тапсырыс беріп қойған.