Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас гепатологы Күлпәш Қалиасқарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстанда С гепатитіне шалдыққан 50 мың пациент есепте тұр. Олардың 360-ы - балалар", - деп жауап берді Қалиасқарова тілшілердің қойған сауалына.
Дәрігердің айтуынша, бауыр аурулары Қазақстанда жоғары өлім-жітім себептерінің бірі.
"Ас қорыту органдарының аурулары Қазақстанда өлім-жітім бойынша 4-5 орында. Солардың 75 пайызы - бауыр дерттерінен орын алады. Ас қорыту органдары аурулары ішінде бауыр дерттері өлім-жітімге көп себепші болады деген сөз. С гепатиті бойынша мәліметтер келтіре кетсек, жыл сайын бізде 400 адам аталмыш вирусқа шалдығады", - дейді бас гепатолог.