Бұл туралы бүгін Дін істері агенттігінің христиан және басқа да діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Сырым Абдрахманов мәлім етті.
«Діни сараптамаларды жүргізген сарапшылар еліміздегі саентология шіркеуін діни бірлестік ретінде мойындаған жоқ. Осыған орай, ағымдағы жылдың қараша айының басында әділет органдары Алматы қаласы бойынша саентология шіркеуіне қатысты шағым түсірілді», - деді Сырым Абдрахманов бүгін Астанада өтіп жатқан семинар барысында.
Оның айтуынша, саентология шіркеуі әлемнің көптеген елдерінде діни ұйым ретінде мойындалмайды.
Еске салсақ, аталған шара барысында деструктивті діни ұйымдар қызметінен жапа шегушілерге көмек көрсету жөніндегі мәселелер талқыланды.