Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай айтты.
«Ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері негізінен дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылып жатады. Анығын айтқанда сол арқылы бұндай қылмыскерлер өздері тарапынан жасалатын қылмыстарды жалған діни идеология арқылы ақтағысы келетіні де белгілі», - дейді И. Меркель. Оның сөзіне қрағанда, кейбір өңірлерде бизнестің криминалдық саласына бақылау жасауға әрекеттенулер, тіпті өздерінің іс-әрекеттерін қаржыландырудың көзі ретінде мемлекеттік сатып алу үдерістеріне қол жеткізу де орын алып жатыр.
«Осыған орай, жаңа ауқымды шаралар: дәстүрлі емес діни топтарды криминалсыздандыру, оның ішінде салафиттерді, олардың ұйымдасқан қылмыстық топпен бірігуін болдырмау шаралары жүзеге асуда», -деді И.Меркель.