Қазақстанда Салық төлеуші кабинетінің сервистері істен шықты

АСТАНА. KAZINFORM – 17 тамызда сағат 16:00-ден бастап Салық төлеушінің кабинетінде салық есептілігін ұсыну сервистері істемей тұрды.

Фото: freepik

Сервистің тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта салық есептілігін қабылдау штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

— Бұл ретте ұсынылған салық есептілігінің барлық нысаны жіберілген күнімен қабылданып, өңделетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген Мемлекеттік ікірістер комитеті хабарламасында.

Айта кетелік стрим арқылы сауда жасайтындарға да салық ескертуі жіберілетіні туралы жазған едік.