Жиын барысында сенаторлар тарапынан салықтық жеңілдіктерге қатысты ғылыми негіздемелер ұсыну туралы мәселелер көтерілген болатын. Мұндай ұсынысты вице-министр де қолдайтынын білдірді. «Мен осы бағытта ауқымды жұмыстардың қажеттілігіне келісемін, ал ондай жұмысқа біздің шамамыз жетпеуі мүмкін, сондықтан да сырттан зерттеушілерді тартуымыз қажет. Зерттеу орталығының ғалымдары керек. Бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша мен министрге ұсыныспен шығып, онда Экономикалық зерттеулер институтының әлеуеті жетсе, соларға тапсырыс беру немесе Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, жаңа зерттеулер жүргізу мәселесін көтергім келеді», - деді М. Құсайынов.
Оның пайымынша, кешенді зерттеулер негізінен қазақстандық салықтық жеңілдіктер мен оларды жетілдіру жүйелеріне қатысты болып табылады.
Тоқтала кететін жайт, отырыста вице-министр жалпы сомасы 200 млрд. теңгені құрайтын салықтық жеңілдіктерден бас тартылатынын айтқан болатын.