Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстіңк Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ жауады, аумақтың басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жауады, тұман түседі, аумақтың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсуі күттіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынгша, таяудағы тәуліктерде Қазақстан өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады.