Қазақстанда сәуірдегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 290 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы сәуірде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 290 теңгені құрады.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 1,4 пайызға, 2013 жылғы сәуірге қарағанда 6,5 пайызға өсті»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,5 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,5, жемістер мен көкөністерге -11,3, сондай-ақ нан және жарма өнімдеріне -7,6, қант, шай және дәмдеуіштерге шығыстар 2,1 пайызды құрады.