Қазақстанда саябағы ең көп қала анықталды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген, бір жылда олардың саны 9,1% артты.

Өңірлер бөлінісінде демалыс орындарының ең көп саны: Түркістан облысында — 32, Шымкент қаласында — 29, Қарағанды облысында — 28.

2024 жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына 15,5 млн адам барған. Барушылар санының ең көбі Астана (3,2 млн), Шымкент (2,7 млн) және Алматы (2,5 млн) қалаларында байқалған.

Меншік нысаны бойынша демалыс саябақтарының 29%-ы мемлекет меншігінде, 69,3%-ы жеке меншікте және 1,5%-ы шетелдік меншікте.

Демалыс орындарының 131 ашық аспан астында, 120 орын ғимарат ішінде орналасқан.

Ауылдық жерлерде 51 ойын-сауық және демалыс орны жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің — 19,1%. Демалыс орындарында аттракциондар мен ойын автоматтары түріндегі сауық құруға арналған 3 923 нысан бар.

Бұдан бұрын Алматы облысында 130 демалыс орны бақылауға алынғаны белгілі болды.