Бағаны сатыстырған кезде ашық аспан астында, яғни, орталық саябақтарда тұрған аттаракцион қызметінің құнын білдік. Соның ішінде жеке саябақтарды назарға алдық. Бір балаға қажетті қаржы есептелді. Оған шолу дөңгелегі, шағын паровоз және батут кіреді. Алайда мұндай аттракцион кейбірінде мүлде жоқ.
Бәрінен де баға Жезқазған қаласында төмен. Орта есеппен мұнда 1 000 — 2 500 теңге керек. Бірақ бір өкініш бар. Мұнда шолу дөңгелегі мүлде жоқ, әткеншектер табылмады. Тек үрмелі батут қызметінің құнын білдік.
Одан әрі Семей қаласы тұр. Мұнда бір адамға арналған билет бағасы 1 000 — 1 800 теңге аралығында. Бұл қалада да шолу дөңгелегі жоқ, тек шағын паравоз бен батут бар. Оларда билет бағасы 500 теңгеден басталады.
Түркістан мен Қызылорда қалаларында үш аттракционның әрқайсысының құны 1 500 теңге. Екі қаладан да түрлі әткеншек табылды. Шолу дөңгелегінің бағасы 500 — 600 теңге. Ал паровозға міну құны 300 — 400 теңге болса, ең қымбаты батут. Бағасы 500 — 1000 теңге.
Қарағандылық ата-аналар балаларды саябаққа апарып, қыдыртса 1 800 — 3 500 теңге жұмсайды. Мұнда батутта секіріп ойнау қымбат. Бір сеансы 1 000 — 2 500 теңге. Айта кетейік, Қазақстандағы батуттарға 10 минутқа ғана кіреді. Сонымен бірге қалағанынша ойнап, секіруге болатын қызмет түрі де бар.
Тараз саябағындағы қызмет бір балаға 1 900 — 2 400 теңге болады. Мұнда шолу дөңгелегіне 800 теңге, паворозға 600 теңге, батутқа 500 — 1 000 теңге төлейді.
Талдықорған, Петропавл мен Атырау қалаларында көңіл көтеруге 2 000 теңге және одан да мол ақша керек. Әрине әр қалада әртүрлі. Мәселен Талдықорғанда шолу дөңгелегіне мініп, бір айналып келсе 1 000 теңге, ал Петропавлда батут 700 теңге және одан қымбат.
Одан әрі Ақтөбе қаласы тұр. Мұнда үш атракционды таңдасаңыз бір балаға 2 200 — 3 200 теңге төлеуге тура келеді.
Шымкентте шолу дөңгелегінің билет құны 1 000 теңге, батутта секірсе 500 — 1 000 теңге, ал паровозға мінсе 800 теңге болады. Қорыта келе әр балаға кем дегенде 2 300 — 2 800 теңге төлейді.
Астана мен Орал қалаларында үш аттракционның билет құны 2 500 теңгеден басталады. Соның ішінде Оралдағы баға елорда қарағанда төмен. Мәселен Астана қаласында екі шолу дөңгелегі бар. Біреуінде билет бағасы — 4 000 теңге.
Көкшетау мен Ақтау қалаларында баға шамалас. Тек батутта секіру бағасы әртүрлі. Екі қалада да шолу дөңгелегінің билеті 1 000 теңге болса, паровоз 800 теңге. Жалпы әр балаға кем дегенде 2 600 теңге жұмсайды.
Одан әрі Павлодар мен Қостанай қалалары тұр. Мұнда баға 2 700 теңгеден басталады. Соның ішінде Павлодар қаласында шолу дөңгелегінің құны 700 теңге, ал Ақтауда 1 000 теңге.
Алматы, Өскемен қалаларында бір балаға кем дегенде 3 600 теңге жұмсауға тура келеді. Өскемен қаласында бір жерден екінші саябаққа барудың қажеті жоқ. Ал Алматы қаласында саябақ та, таңдау да көп. Кейбірінде шолу дөңгелегінің билеті, екіншісінде паровоз бағасы төмен.
Бұған дейін велосипед пен самокатты жалға алу құны туралы жазылды.