Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары деректерінің электрондық базасы жасалынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары деректерінің ең үлкен электрондық базасы жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазконтент» АҚ «Саяси қуғын-сүргін құрбандары деректерінің электрондық деректер базасы» жобасын іске қосты. Бұл база қуғын-сүргін жылдары қаза тапқан және зардап шеккен қазақстандықтардың аттарын мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс болып табылады. Ол National Digital History веб-порталында жүзеге асырылуда.

База нақты уақыт режимінде толықтырылып, онда 200 мыңға жуық адамдардың есімдері жинақталады. Оған ҰҚК архиві ұсынған деректер мен «Қайғы кітабы. Атылғандар тізімі» көптомдығы, сондай-ақ еліміздегі өңірлік архивтердің деректері енгізіледі.

Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен туыстарыңыздың деректерін мына электронды поштаға жолдау қажет: kaz.ehistory@gmail.com