«Қолданыстағы заңнама нормалары арасындағы коллизияларды жою мақсатында, саяси репрессия құрбандарына баспананы тегін жекешелендіру құқығын ұсыну қарастырылады», - деді Қ. Өскенбаев.
Бұдан бөлек, вице-министрдің сөзіне қарағанда, кеңес заманында үй алып, оны жекешелендіріп алған азаматтар Қазақстан Республикасының атынан үй алды деп саналмайды. «Алайда, Кеңес одағы тұсында адамдар 100 пайыз купондық механизм бойынша үй алған. 1993 жылға дейін,1996 жылға дейін берілген купондардың тағдыры қайта қаралмайды. Егеменді ел болғаннан кейін купонмен алынған пәтерлерді жекешелендірілді деп санамаймыз. Ол өз бетімен қалады. Қазір бір адам мемлекеттен бір ғана үй жекешелендіруге құқылы», - деді Өскенбаев.