Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында институт басшылары осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жүйелі саяси шешімдерді жасау қоғам, билік және сарапшылар арасында жан-жақты сұхбатты қамтамасыз етеді. Институт негізінде әрқилы үлгідегі пікірсайыс алаңдарын жасау арқылы түйткілді сұрақтарды біржақты талқылаудан арыламыз», дейді Саяси шешімдер институтының бас директоры Бақытжамал Бектұрғанова. Оның айтуынша, жаңа институт пікірсайыстар, брейн-сторминг, дөңгелек үстел жиындары, конференциялар, брифингтер, таныстырылымдар, қоғамдық талдаулар, пікірталастар, саяси рауттарды өткізумен айналыспақ. Сондай-ақ талдау және кеңес беру, қолданбалы саяси зерттеулерді және әлеуметтік сауалнамаларды жүргізу және сарапшылардың кәсіби желісін қалыптастыру мәселесі де басты назарда болады.