Қазақстанда сайлау алды науқаны мінсіз өтті - Ж. Сүлеев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Веб-баспагер, белгілі журналист Жәнібек Сүлеев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы сайлау алды науқанының мінсіз өткендігін, оған «5» деген баға қоюға болатындығын жеткізді.

«Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына қатысты дайындық науқаны ешқандай дау-жанжалсыз, бір қалыпты, тыныш өтті. Тіпті, мінсіз деуге болады. Бұл - әрине, болашақ Президент үшін де, сайлаушылар үшін де өте жауапты сайлау. Ең бастысы, сайлауалды науқанында үміткерлер бір-бірін қаралап, жамандаудан аулақ болды. Сол арқылы ешқайсысы да арзан ұпай жинауға ұмтылған жоқ», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мен қоғамдық комиссия өз жұмыстарында барлық өңірді қамтыды. «Қысқа уақытқа қарамастан, әрбір өңірде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Меніңше бұл науқанда атқарылған жұмыстарға «5» деген баға қоюға болады», - деді Ж. Сүлеев.