Қазақстанда сайлау ашық, әрі әділ өтуде - Грекия байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сайлау ашық, әрі әділ өтуде. Бұл туралы бүгін Астанада берген баспасөз мәслихатында Грекия атынан келген халықаралық байқаушы, Теннис федерациясының президенті Занияс Спиридон мәлім етті.

«Біз кеше сайлауалды дайындықты пысықтадық. Дауыс беру үдерісі басталмай тұрып, сайлау учаскелерінің дайындығын қарап шықтық. Бүгін 5-6 сайлау учаскесін араладық. Сайлау барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жеке өзім ешқандай заңбұзушылықты көрген жоқпыз. Барлығы ашық және әділ өтіп жатты», - деп атап өтті З.Спиридон.

«Соңғы жылдары біздің мемлекеттер арасында қарым-қатынастар жақсара бастады. Біздің осы елге келуіміз бұл байланыстарды тереңдете түседі деп сенемін», - деді халықаралық байқаушы.