Оған елімізге танымал саясаткерлер, сарапшылар, журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері кіріп отыр.
"Қазіргі уақытта комиссияның басты мақсаты - сайлауды шынайы өткізу. Міндетіміз - сайлаушылармен сөйлесіп, оларды саяси науқанға дайындау. Біз xалықпен ғана емес, шетелден келген байқаушылармен, әрбір партия өкілдерімен жұмыс істейтін боламыз. Біздің комиссияда елге белгілі азаматтар кірген", - деп атап өтті комиссия басшысы, Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов.
Оның сөзіне қарағанда, комиссияға 22 адам мүшелік етеді.
"Біз Орталық сайлау комиссиясымен, Бас Прокуратурамен, xалықаралық бақылаушылармен және БАҚ-пен тығыз жұмыс жасаймыз. Бізде арнайы веб-сайт құрылған. Онда сайлаушылар заңнамадағы өзгерістер туралы, сайлаудың өту тәртібі жөнінде ақпарат ала алады. Сонымен қатар кез келген уақытта сайлауда орын алған бұзушылықтар турасында xабар беруіне болады. Ел бойынша шамамен 11 мыңнан астам байқаушы сайлау барысын қадағалап отырмақ. Біз барлық сайлау учаскелерін қамтитын боламыз", - деді Н. Ерімбетов.
Комиссия төрағасы атап өткеніндей, штаб тәулік бойы жұмыс жасайды. Бақылаушыларға олардың құқықтары мен міндеттері туралы жазылған арнайы оқу құралдары таратылады.
"Біз белгілі бір өңірлерде орын алған барлық заң бұзушылықтар жайында xалықты xабарландырып тұрамыз. Оны талқыға саламыз, осы салада басқарып отырған тұлғаларға жеткіземіз", - деп түйді сөзін Н. Ерімбетов.