«Мен көптеген мемлекеттерде сайлау барысын байқаушы ретінде болдым. Қазақстаннан шақырту алғаныма қуаныштымын. Мен өзімнің әріптестеріммен бірге Астанадағы бірқатар сайлау учаскелерінде болдым, сайлау беру барысын қарап, сайлаушылармен сөйлестім. Депутат ретінде айтарым, Қазақстанда сайлау үлкен мереке секілді», - дейді ол.
Оның айтуынша, таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріндегі xалықтың саны өте көп.
«Барлықтары өз отбасыларымен бірге келген, барлығы мереке өтіп жатқандай дайындалып келгені де көрініп тұрды. Дауыс беруге келіп жатқан xалықтың көптігіне риза болдым, себебі бұл сайлаудың ашық өтуіне әсер етеді. Бұл өте маңызды», - деп атап өтті Д. Карич.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.