Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты өткен баспасөз мәслихаты барысында халықаралық байқаушы, Эстония Парламентінің депутаты Денис Бородич мәлім етті.
«Мен өткен жылы Қазақстан Президенті сайлауына да қатысқан болатынмын. Астанада жұмыс істедім. Биыл, мінеки Алматыға келдім. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық халықаралық стандарттарға сай өткізіліп жатыр.
Өткен жылғы сайлауда сайлаушылардың 90 пайыздан астамы дауыс берген еді. Ал бүгінгі сайлауда сайлаушылардың сайлауға келу деңгейі кем дегенде 60 пайыздан асатындығына толық сенімдімін. Бұл орташа әлемдік көрсеткіш. Бұл жолы да елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы және тұрақты дамуы - сайлаушылар үшін негізгі қозғаушы күшке айналып отыр. Шынында да, сайлауға қатысып, дауыс беру - жарқын болашаққа инвестиция жұмсаумен тең», - деді Д. Бородич.