Мұнан әрі ол: «Бүгінгі сайлау өз ретімен шашау шықпай өтті, деп толық айта аламын. Халықтың саяси науқанға қызығушылығы өте жоғары. Барлығы заңды әрі демократиялық негізде ұйымдастырылған.
Мен өз басым әзірге ешқандай кем-кетіктерді байқаған жоқпын. Халықтан сайлауға қатысты ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Барлығы мерекелік көңіл-күйде өтті. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Мен Қазақстанға байқаушы болып келгеніме өте ризамын. Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы күні 22 Наурыз мерекесімен де шын жүректен құттықтағым келеді»,-деп қорытты сөзін Ольга Ковальчук.