Ресейдің Мәскеу облысы сайлау комиссиясының аппарат кеңесшісі Андрей Горячих осы орайда өз көзқарасын білдірді.
«Мен байқаушы ретінде Қазақстанға алғаш рет қадам басып отырмын. Бүгінгі шара барысында жергілікті тұрғындардың белсенділігі айқын көрініп отыр. Әрбір тұрғын өз таңдауын жасауға ықылас білдіргенін байқадық. Осындай жауапкершілікті сезінген әрбір азаматтың белсенділігі бізді қуантты. Сайлау учаскесінде халықтың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, учаскелік кабинеттер қолайлы таңдалған. Ол халыққа да, байқаушыларға да қолайлы болып отыр. Сайлау ашық түрде өтіп жатыр», - деді Андрей Горячих.
Сондай-ақ, Ресейдің Саратов облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Писарюк те Қызылорда облысында байқаушы ретінде келді.
Оның айтуынша, маңызды науқан жоғары деңгейде өтіп жатыр.
«Біз бүгінгі күнге дейін сайлауалды дайындықты пысықтадық. Сол шаралар барысында сайлау комиссиясының әзірлігі, тұрғындардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай туғызу мәселесіне назар аудардық. Маңызды шараның ұйымдастыру деңгейі біздің көңілімізден шықты. Дауыс беруге келген азаматтардың белсенділігі көзге түсті. Қазірге дейін ешқандай өрескел олқылықтың көзіміз шалған жоқ. Әрбір сайлау комиссиясы өз қызметін дұрыс атқарып отыр деп санаймын», - деді Владимир Писарюк.
Сыр өңіріндегі сайлаудың барысын байқау үшін облысқа 2 ұзақ мерзімдік және 13 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері облыс орталығы, аудан мен қалалардағы және ауылдағы учаскелерді аралап, сайлау барысын байқап жүр. Қызылорда облысында 490 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
Бұдан бұрын Қызылордада сайлау күні таңертең 10 сәби дүниеге келгенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ, таңерертеңгілік Қызылорда облысының Қырымбек Көшербаев өз таңдауын жасады.