Қазақстанда сайлауға қатысатын саяси партияларға теңдей жағдай жасалған - ШЫҰ миссиясының басшысы А.Носиров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ШЫҰ миссиясының басшысы Азиз Носировпен кездесті.

«Кездесу барысында ОСК төрағасы Мәжіліс депутаттары сайлауына дайындық барысымен таныстырды. Жалпы, мен Қазақстандағы сайлауға байланысты жарияланған бірқатар мақаламен танысып шыққан едім. Бұл ретте Орталықсайлау комиссиясы белсенді жұмыс істеп, атқарылған істер жайындағы ақпараттарын үнемі жаңартып отыратындығын байқадым. Басылымдарда сайлауға қатысатын саяси партияларға теңдей жағдай жасалған», - деді кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген А.Носиров.

Сонымен қатар ол сөзінде ШЫҰ миссиясы өкілдері бүгін-ертең келетіндігін, содан кейін қай учаскелерде байқау жүргізетіндіктерін айқындайтындықтарын атап өтті.

«Ал 21 наурыз күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы атынан мәлімдеме жасауға тырысатын боламыз. Бүгін біз ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдиновпен кездесу өткізудік. Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министріне ШЫҰ жұмысына айрықша көңіл бөлгендігіне және сайлауға байқаушы ретінде шақырту жібергендігіне ризашылығымызды білдірдік», - деді ол.

Айта кетейік, 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын 957 шетелдік байқаушы байқайды. Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның - 286, ТМД Миссиясының - 301, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының -9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының - 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының -14, Түркітілдес елдер ынтымақтастығы Кеңесінің - 17, Ислам ынтымақтастығы ұйымының - 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының - 8, шет мемлекеттердің 103 байқаушысы, мұнан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген 29 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 140 өкілі бар.