«Ең алдымен Қазақстан xалқын Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді. Көктемгі жаңару кезінде Қазақстан Парламентінің жаңартылу процесінің орын алуы өте керемет деп санаймын. Сайлау шын мәнінде мерекелік көңіл күймен өтуде», - деп атап өтті ол.
И. Филькевичтің сөзі бойынша, Қазақстанда сайлауға түскен саяси партияларға теңдей жағдайлар жасалған.
«Мемлекеттік органдар немесе өзге ұйымдардан ешбір қысым жасалып жатқан жоқ, саяси партиялар бірдей мүмкіндіктерге ие. Сайлауға қатысып жатқан тараптардан шағымдар келіп түскен жоқ. Байқауымызша, сайлауға xалықтың барлық таптары қатысуда. Қазіргі уақытта 25 пайыз xалық дауыс бергенін ескерсек, сайлау сәтті өтуде деп айтуға болады», - деді байқаушы.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.