Қазақстанда сайт құрастыру жөніндегі бірінші чемпионат өтеді

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 13 қыркүйек күні Сайт құрастыру жөніндегі бірінші чемпионат өтеді. Аталмыш чемпионаттың бас серіктесі - «КаР-Тел» ЖШС (Beeline СБ) болды. Бұл туралы аталмыш компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, чемпионаттың мақсаты - мықты сайт құрастырушыларды анықтау болып табылады. Чемпионат барысында «Авторлық құқық. Қазақстандағы Creative Commons ерікті лицензиясын таныту» тақырыбында дөңгелек үстелдер және «ЖОО, мемлекеттік мекемелерде және мектептерде Ерікті бағдарламалаық қамтамасыз ету» тақырыбында дәрістер өтетін болады.

«Ғаламтор-технологиясы қарқынды жылдамдықпен дамып келеді және осындай дамудың алғашқы шегінде тұрған көп салалы оператор есебінде біз мұндай шаралардың өтуіне қызығушылық танытамыз. Біз бұл чемпионаттың біріншіден, жас мамандардың дамуына ықпал ететініне және бұл алаңның тек қана қатысушыларға ғана емес, сондай-ақ компанияның да тәжірибе алмасу алаңына айналады деген сеніміміз мол», - дейді «2DayTelecom» компаниясының Бас директоры Виктор Грибан.

Жарыс жеңімпаздары чемпионат барысында Бас серіктес болып табылған - Beeline-нан қазіргі заманауи ноутбук, нетбук және электронды кітаптарды сыйға алатын болады.