Бұл туралы ойын ол бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен болған кездесуі барысында білдірді.
«Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауына барлық құрылымдар мен билік өкілдері үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Осыған қарай біз де осы жолғы сайлаудың талапқа сай өтетіндігіне сенімдіміз. Яғни қазақстандықтардың жеке таңдау жасауға деген құқықтары толығымен орындалады. Бұл ретте бізді Сенат депутаттығына ұмтылып отырған адамдардың көптігі қуантады. Яғни қазақстандықтардың шын мәнінде таңдау жасауға мүмкіндігі бар»,-деді С.Лебедев.
Сондай-ақ ол сөзінде ТМД байқаушыларының Қазақстанның қай жеріне бармаса да қонақжайлылықты көріп отырғандығын атап көрсетті. «Мұнда байқаушылардың жұмыс істеулеріне барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Біз барлық ақпараттармен қажетті құжаттармен қамтамасыз етілудеміз. Қорыта келгенде, біз сайлаудың дайындық барысын бүге-шігесіне дейін толық бақылап отырмыз деп толық сеніммен айта аламын»,-деді миссия басшысы.