«Соңғы 3-4 жылда елімізде шахматқа қызығатын балалардың саны өте жылдам өсіп келеді. Біздің балалар құрамасы үлкен жетістіктерге жетуде. Соңғы 5 жылда біз балалар және оқушылар арасындағы әлемдік деңгейдегі түрлі чемпионаттарда түрлі дәрежедегі 20 шақты медаль ұтып алдық, олардың жартысына жуығы алтын медальдар», - деді Еркін Исраилов.
Оның айтуынша, спорттың осы түрінің елімізде қарқынды дамуы әр өңірде шахмат үйірмелерінің көптеп ашылуына және ел құрамасының түрлі халықаралық жарыстарға жиі қатысуына тікелей байланысты.