"Бiзде 1,6 млрд. теңгеге жалақы қарызы тiркелген болатын, қазiргi уақытта оның 1,5 млрд. теңгесi өтелдi. Ендi 100 млн. жуық теңге жалақы қарызы қалып отыр", - дедi ол "Нұр Отанның" партиялық бақылау комитетiнiң отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда шамамен 1 мың жұмысшы жалақыларын әлi алған жоқ.
"Қазақстанда жалақылары кешiктiрiлiп жатқан 13 мың жұмыскер болды. Бүгiнде олардың 12 мыңы тиiстi еңбекақыларын алды. Ендi 1000 жұмысшының жалақылары өтелген жоқ. Бiрақ бiз дағдарысқа қарсы штабпен бiрге бұл жұмысты жалғастыра беремiз", - деп атап өттi А.Құрманғалиева.
Жалақылардың кешiктiрiлуiне себеп бiреу - ол қаражаттың жоқтығы.
"Себептер әрине, әр түрлi. Өндiрiстегiлер мұны қаражаттың уақытша жоқтығымен байланыстырады. Бiрақ толық өтеуге сендiрiп отыр", - дедi жауапты хатшы.